Қайрат Нұртас қысқы демалысын ауылда өткізіп жатыр (фото, видео)
Қайрат Нұртас биыл шетелде емес, өз Отанында демалуды жөн көрді.
Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Анасы Қайрат Нұртастың бос уақытының бола бермейтіндігін айтады. Себебі, ұлына деген сұраныс көп екен. Түсірілімдерден бөлек, күн сайын тойға шақырту алады. Енді міне әнші өзінің кезекті демалысына шықты. Ол бұл демалысында шетелге емес, ауылға баруды жөн көрген екен.
“Өзеннің қасында тұрмын. Бүкіл ауылды тұман басып тұрған сияқты. Не деген керемет?! Таудың ортасы тұман, ал ауыл көрінбейді”, – дейді әнші. Бұдан кейін ол “Сен де адасып жүрме екенсің өмірде?
Қалың тұман арасынан шыға алмай?” деп әндетіп кетті.
Әнші ауылда ат мініп, мылтықтан оқ атты. Мұнымен қатар, өзіне осы мүмкіндікті бұйыртқан ағасына алғыс айтты. “Елі үшін туған ер Бауыржан ағаммен! Баршамызға да осы кісідей ауыл жастарының, спорттың, мәдениеттің дамуына, қазақ ұлтының сапасын көтеруге атсалысуымызды нәсіп етсін! Алла осы игі істеріңізге береке, мол сауап жазсын, аға!” – дейді ол.
Желі қолданушылары әншінің қай ауылда жүргенін білмей дал болды. Әншінің шетелге кетіп қалмай, өз Отанын артық көргенін де бағалағандар көп.
Жіберіп алмаңыз:
Демалысқа шыққан Алтынай Жорабаева макияждан бас тартты (фото)
Жұрт моншада видео түсірген Диана Шарапованы сынап тастады (видео)
Актриса Айсұлу Әзімбаева Үнді мұхиты жағасына көшіп кетті (фото, видео)
Ділназ Ахмадиева не себепті Иван Бреусовтың үйлену туралы ұсынысын қабылдамағанын айтты