Қайрат Нұртас Ақтөбеде өткен концертінен түскен қаражатты балалар үйіне аударды
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбеде облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда. Аймақта 21 қарашаға дейін шамамен 1 000 ата-анасыз қалған, мүмкіндігі шектеулі мен тұрмыстық деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға 50 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазды ҚазАқпарат.
Үлкен көлемді қайырымдылық акциясына танымал әнші Қайрат Нұртас та өз үлесін қосты. Ол жуырда ғана Ақтөбеге өзінің жеке концертін беру үшін келген болатын. Әнші концерттен түскен бар қаражатты Ақтөбеде тұратын жетім балаларға аударуды ұйғарған. Қайырымдылық концертіне қатысқан Бердібек Сапарбаев игі іске үлесін қосып, белсенділік танытқан әншіге алғыс айтты. Облыс басшысы маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жұмыстарының әрі қарай да жалғасын табатынын атап өтті.
Айта кетейік, бұдан екі күн бұрын «Ағайынды Жүгінісовтер» тобы қайырымдылық концертін беріп, одан түскен қаражатты ауыр науқасқа шалдыққан Валерия Бирзуль есімді бүлдіршінге аударған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Емізулі баласы бар әйел Қайрат Нұртастың концертін тік тұрып тамашалаған (видео)
Қайрат Нұртас бір күн бойы концертінің билеттерін өзі сатпақ
Аязды күні такси тоқтатқан бойжеткен Сәкен Майғазиевті көрген кезде таңырқап қалған
Ерболат Беделхан желіде тарап кеткен аудиожазбаға қатысты пікір білдірді