Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас 1000 доллар тұратын костюмін жанкүйеріне бере салды

Бұл күндері Қайрат Нұртас гастрөлге шықса болды, жас тыңдармандар оның костюмін асыға күтетін болған. Себебі хитмен әнші қыруар қаржыға тіктірткен киімдерін сыйға тартуды әлдеқашан әдетке айналдырған. Елдің оған үйреніп алғаны соншалық, Қайрат костюмін бермей кетсе, тыңдарман ренжіп қалатындай, деп жазады Stan.kz.

Бірнеше күн бұрын Қайрат жас фанаттарының біріне танымал дизайнер Берік Исмаиловтың қолынан шыққан қымбат костюмін тартулады. Бұл туралы Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова айтып берді.

“Ағаларының жолын берсін! Берік Исмайлов 1000$ ға тіккен болатын. Бір кездері біз үшін ең қымбат костюмдерінің бірі болған. Келешекте естелік деп сақтап жүрген киімдерін, жастарымызға, қара тер таза еңбекпен, биіктерден көрінуіне, бәлкім алға қояр мақсаттарына жетуіне жол сілтер естелік болар”, – деп бөлісті Гүлзира Үсенқызы инста-парақшасында.

Желі оқырмандары бұл жайтқа қатысты әртүрлі пікір білдірді. Олардың бір тобы қарапайымдылығы үшін Қайратқа ризашылық білдірсе, ендігілері бағалы костюмнің бағасын айтып, елді қызықтырған Айдарбекованы сынап жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Ислам рұқсат береді: Тәуекел Мүсілім тоқал алуға қатысты пікір білдірді

Үйленгенін жасырған Ернар Айдар енді неке жүзігін тағудан бас тартты

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде сын жазғандарға ұрсып тастады

Талқылау