"Қайрат мамасының қасында": Жұлдыз Әбдікәрімова гендер пати жасады

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында жүкті екенін ресми жариялаған еді.
“Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп, ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы және эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз", – деп жазды Жұлдыз.
Алайда желі қолданушысы балаларының әкесі Қайрат Нұртасты іздеді.
“Қайрат көрінбейді”, “Ол мамасының жанында жүр”, “Баланың әкесі Қайрат па өзі?!”, “Қандай бақытты отбасы”, “Жұлдызға оңай емес”, “Алаудың реакциясын көргенде қыз деп ойладым”, “Бауы берік болсын”, “Тездетіп бөпелеріңмен қауышыңдар”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, актриса жетінші жүктілігі екенін айтқан еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"