Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" әзербайжандық "Қарабақтан" жеңілді

Қазақстандық "Қайрат" Еуропа Конференциялар лигасының кезекті ойынында жеңіліске ұшырады. Сырт алаңда Әзербайжанның "Қарабақ" командасына қонаққа барған алматылықтар 2:1 есебімен алаң иелеріне жол берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кайрат карабах

Алғашқы голды "Қайрат" сапында ойнайтын Хосе Канте соқты. Ол ойынның 19-шы минутында пенальти орындап, командасын алға шығарған еді.

Алматылықтар еуропалық жарыстардың топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізуге өте жақын болды, алайда қақпаларын голдан ұзақ уақыт қорғап тұрап алмады. Рамиль Шейдаев 79-шы минутта есепті теңестірсе, қосымша уақытта Аббас Гусейнов Стас Покатилов қорғаған қақпадан саңылау тауып, "Қарабаққа" жеңіс сыйлады.



Бұл жеңіліс алматылық клуб үшін конференциялар лигасында екінші жеңіліс.
Бұған дейін болған алғашқы ойында "Қайрат" Грекиялық "Омониямен" тең ойнаса (0:0), одан кейін "Базельге" жеңілді (4:2).

Н тобында "Қайрат" өткізген 3 ойында 1 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Ал "Қарабақ" 7 ұпаймен топтың көшбасына шықты.

Конференциялар лигасында "Қайрат" 4 қараша күні өз алаңында "Қарабақпен" қарымта ойында кездеседі.

Айта кетейік, алматылықтар ҚПЛ турнирінің соңғы ойыны аясында 24 қазан күні "Астана" командасын қабылдайды.

Талқылау