"Қайрат" командасына қолдау білдірген Ғаділбек Жанайдың қызы көпшіліктің ықыласына бөленді (Видео)
Фото: Видеодан скриншот
Танымал хит әндердің орындаушысы Ғаділбек Жанай қызының “Қайраттың” жеңіліп қалғанындағы эмоциясын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі бала-шағасымен матч көруге барған.
“Осындай жанкүйері бар “Қайрат” бақытты. Біз ұтылған жоқпыз. “Реал” біздің деңгейді көрсетті. Алға, Қайрат! Алға, Шерхан!”, – деп жазды әнші.
-
"Қайрат футболшыларынан 100 есе қымбат": "Реал Мадрид" ойыншыларының бағасы белгілі болды
-
"Жігіттер бөксемді сипалап кетті": Сабина Мовлаева футбол көремін деп келеңсіз жағдайға тап болған
Одан кейін әншінің жұбайы да отбасымен стадионнан матч тамашалағанын жазды.
“Осы күнге де жеттік. Арман болған билеттерді алып, матч көрдік. Бес сағат отырған уақытымыз еш кетпеді”, – деп жазды әншінің жұбайы.
Желі қолданушылары бүлдіршіннің эмоциясын қызу талқылады.
“Менің де көзіме жас келді”, “Команда енді мына қызға футболка мен кепке сыйласын”, “Нәзік жүрек иесі”, “Қандай күші сәт”, “Келесі кезекте сүйікті командаң ұтып кетсін”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Реал Мадридтің" жұлдыз ойыншысы Мбаппе Алматыда ерекше жанкүйерімен кездескенін жазған едік.
“Қайрат” клубының басшысы Қайрат Боранбаев Реал Мадрид ойыншыларының Орталық стадиондағы жаттығуына Санжар есімді Мбаппенің кішкентай жанкүйерін шақырғанын мәлімдеді.

2026 жылы жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін бизнеске не болады?
