Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" – Қазақстан чемпионы! 2025 жылғы маусымның басты деректері

Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл клуб тарихындағы бесінші чемпиондық атақ. Өткен маусым былтырғыға қарағанда әлдеқайда қиын өтті. Алайда Чемпиондар лигасындағы ұзақ әрі табысты серияны ескерсек, нәтиже керемет деуге болады.

Клубтың бас серіктесі 1XBET компаниясы маусым қорытындысын шығарып, елдің үздік клубын шын жүректен құттықтады.

Маусым несімен есте қалды?

Алматылық команда маусым бойы тұрақтылығымен ерекшеленді. 59 ұпай чемпион команда үшін ең жоғары көрсеткіш болмаса да, сенімді нәтиже. 53 гол лигадағы екінші нәтиже (бірінші орында "Астана").

Бірақ басты жетістік қорғаныс сапасы. Қайраттықтар қақпасына небәрі 19 гол жіберді, бұл Премьер-лигадағы ең төмен көрсеткіш. Мұндай нәтижеге команда қақпашыларының жоғары деңгейдегі ойынының арқасында жетті. Олар өз шеберлігін тек ішкі біріншілікте емес, Чемпиондар лигасында да дәлелдеді. Клубтың ең ірі жеңісі Алматының Орталық стадионында тіркелді.

Самат Смақов жаттықтыратын талдықорғандық "Жетісуды" "Қайрат" 5:0 есебімен ойсырата жеңді. "Қайрат" биылғы маусымда принципті қарсыласы "Ақтөбені" үш рет ұтты (Суперкубокта және екі лига кездесуінде), алайда екі рет "Елімайға" есе жіберді. Дәл осы маңызды жеңістердің арқасында "Елімай" еурокубоктарға оралды. "Астанамен" өткен екі матч та тең аяқталды. Қызығы, екі кездесуде де алдымен Марин Томасов есеп ашып, кейін Дастан Сатпаев таразы басын теңестірді.

Дастан Сатпаев клубтың үздік сұрмергені

17 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев биылғы маусымның басты жаңалығына айналды. 14 гол ересектер арасындағы дебюттік маусым үшін тамаша нәтиже. Ол тек мерген ғана емес, сонымен қатар үздік ассистенттердің бірі болды: 6 нәтижелі пас командадағы екінші көрсеткіш. Бірінші орында командаға жаңадан қосылған Жоржиньо (7 пас).

"Қайраттың" чемпиондығы қаржылай табыс

Ресми расталмаған деректерге сәйкес премьер-лигадан түскен жүлде қоры 1,075 миллиард теңге болады. Сонымен қатар клубтың бас серіктесі 1XBET компаниясы маусым қорытындысы бойынша 200 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетті. Бұл компанияның "Қайратқа" деген сенімі мен тұрақты серіктестігін дәлелдейді. 1XBET компаниясы "Қайратты" Қазақстан чемпионы атануымен құттықтайды! Бес жылдық серіктестік – бес жылдық жеңіс, рекордтар және жаңа биіктерге жету. Алға, "Қайрат"! Бізді жаңа шыңдар күтіп тұр!

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 10:00
Талқылау