"Қайрат" футзалшылары Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті
Фото:afckairat
Алматылық “Қайрат” футзал клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы ойында алматылықтар Хорватияның "Ново Вриеме" командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Макарска қаласында өткен тартысты матчта Рамазан Оразов қос гол соғып, дубль авторы атанды. Сонымен қатар ойынның басты қаһарманы атанды.
Тағы бір голды “Қайрат” сапынан Эдсон қарсыластың қақпасынан саңылау тауып есепті есепті ұлғайтты. Ал "Ново Вриеме" тарапынан Хьюго Вах пен Леннон нәтижелі соққыларымен көзге түсті.
Бұл жеңіс қазақстандық команданың жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасын сенімді түрде бастағанын көрсетті. Келесі ойын 30 қазан күні сағат 21:00-де өтеді. "Қайрат" Португалияның атақты "Спортинг" клубына қарсы алаңға шығады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

