"Қайрат" футзал клубы УЕФА Төрттік финалындағы алғашқы ойынын өткізеді
Фото: UEFA.com
Алматылық "Қайрат" клубы УЕФА футзалдан чемпиондар лигасының төрттік финалындағы ойындарын бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жолы жарыс Францияның Ле-Ман қаласындағы "Антарес" аренасында өтеді.
Жартылай финалда "Қайрат" Испанияның "Картахена" клубымен кездеседі. Бұл – қазақстандық команда үшін жартылай финалда испан клубына қарсы өтетін бесінші матч. Бұған дейін "Қайрат" екі рет "Интерге" жол беріп, "Барселонамен" болған үш матчта екі жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.
Жартылай финалдың екінші жұбында Португалияның "Спортинг" пен Испанияның қазіргі чемпионы "Пальма" клубтары кездеседі. Айта кетейік, испандық клуб Чемпиондар лигасын екі жыл қатарынан ұтып алды.
Финал және үшінші орын үшін матчтар 5 мамыр күні өтеді. Жартылай финалда жеңгендер финалда кездеседі, ал жеңілгендер қола жүлде үшін таласады.
"Қайрат" УЕФА футзалдан чемпиондар лигасын үшінші мәрте жеңіп алуға талпынып көрмек. Айта кетейік, төрттік финалында әзірге бұл межені тек испаниялық клубтар ғана бағындыра алды.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
