“Қайрат” футбол клубы тағы бір футболшысымен қош айтысты
Фото:”Қайрат” фк
Алматылық "Қайрат" футбол клубы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен қоштасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
32 жастағы футболшы 2024 жылы клубқа қосылған және командамен бірге екі дүркін Қазақстан чемпионы атанған.
2025 жылы Элдер Ақтөбеге қарсы өткен Суперкубок матчында сәтті пас беріп, матчтың үздік ойыншысы атанып үлгерді.
"Элдерге клубқа қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз және оның алдағы мансабында сәттілік пен жаңа табыс тілейміз", – делінген "Қайрат" клубының баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Элдер Сантана "Қайрат" сапында жалпы 31 матч өткізген, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
“Қайраттан" кеткен Александр Заруцкий “Ақтөбе” клубының қақпашысы атанды
"Ақтөбе" клубының капитаны Әлібек Қасым командамен қош айтысты
Сондай-ақ маусым аяқталғаннан кейін "Қайрат" бірқатар футболшыларымен қоштасты:
• Жоао Пауло – бразилиялық шабуылшы, ҚПЛ-2025 маусымы аяқталған соң клубтан кетті.
• Александр Заруцкий – қақпашы, желтоқсан айында командадан кетіп, мансабын "Ақтөбеде" жалғастыруда.
Қазір "Қайрат" тек бір футболшымен жаңа келісімшартқа қол қойған. Қорғаушы Дамир Қасаболатпен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар

