"Ақтөбе" клубының капитаны Әлібек Қасым командамен қош айтысты
Фото:”Ақтөбе” фк
"Ақтөбе" футбол клубының капитаны Әлібек Қасым командадан кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
27 жастағы қорғаушы 2022 жылдан бері "Ақтөбе" намысын қорғап келді.
Қазіргі таңда Әлібек Қасымның "Астана" клубына ауысуы мүмкін екені айтылуда. Алайда бұл жөнінде әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Ол "ақ-қызылдар" сапында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.
“Қайраттан" кеткен Александр Заруцкий “Ақтөбе” клубының қақпашысы атанды
Әлібек "Ақтөбе" жейдесінде 4 жыл ішінде 100-ден аса матч өткізіп, 17 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, ол командамен бірге Қазақстан Кубогын жеңіп алып, ҚПЛ-да күміс және қола жүлдегер атанған еді
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"
240 мың теңгелік ноутбукты 440 мыңға сатқан: Техника дүкендері қосымша бағдарламаларды орнатуды талап ете ала ма
Маман ақшаны сот арқылы нақты дәлелдер келтіріп өндіруге болатынын айтты

