AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" Еуропа конференция лигасының ойынында дебютант командаға өз алаңында есе жіберді

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Еуропа конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде венгриялық "Кишварда" командасына есе жіберді. Ойынның соңғы минутында салынған гол қонақтарға жеңіс сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кайрат-Кишварда 2022

Алматыда өткен ойын алғашқы минуттардан бастап қонақтардың басымдығымен басталды. Венгриялық команда допқа көп иелік етіп, қақпаға көп соққы жасап және қауіпті сәттерді өте жиі жасады.

"Қайраттың" ойыны алғашында қарымта шабуылдармен жүріп отырғанына қарамастан жылдам шабуылға шығудың жолын таба алмады. Қауіпті айып соққылары, тіпті шымкенттік "Ордабасы" клубынан ауысып келген Жоау Паулоның қайшылап тепкен добы да қақпаға дарымай қойды.

Алматылық команданың сүреңсіз ойынын 82 минутта "Кишварданың" ойыншысы Ясир Асани жазалап кетті. Командалық керемет комбинациясынан кейін айып алаңына жақын маңнан соққы жасаған Асани, алыс жолдан ат терлетіп келген командасының мақсатын орындады. Осылайша 0:1 есебі тіркеліп, "Қайрат" өз алаңында жеңіліп қалды.

Ойыннан кейін болған баспасөз мәслихатында "Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер командасының жеңілісіне байланысты пікір білдірді. "Біз ұрыста жеңілдік, алайда соғыс жалғасады" деген ол, қарымта ойынға дайындалатынын жеткізді.

"Жанкүйерлерге алғысымды айтамын, олар керемет атмосфера жасады. Жеңіске деген мүмкіндік 50 де 50 болып қала береді деп есептеймін. Біз алғашында жоспарлаған ойынды ойнағымыз келді. Бірақ оған мүмкіндік бермеген "Кишвардаға" да лайықты бағасын берген дұрыс. Әр ойыншы өз қарсыласының ыңғайына қарай ойнайды", - деді Кекер.

Еске салайық, "Қайрат" венгриялық қарсыласымен жауапты ойынын 28 шілдеде Венгрияда өткізеді.

Айта кетейік, “Астана” командасы  Конференция лигасының екінші іріктеу турында польшалық “Ракув” командасымен ойнап, 5:0 есебімен ойсырай жеңілді.

Конференция лигасының жарысына қатысып жатқан қазақстандық клубтардың арасында тек қостанайлық “Тобыл” ғана жеңіске жетті. Қостанайдағы "Орталық" стадионда Милан Милановичтің ойыншылары Гибралтардың "Линкольн Ред Импс" 2:0 есебімен ұтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр