“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы маңызды ойын алдында Миланға аттанды
Фото: “Қайрат” фк
Алматылық “Қайрат” футбол клубының ойыншылары мен бапкерлік штабы Чемпиондар лигасының төртінші турында өтетін маңызды матч алдында Милан қаласына жолға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қазан күні “Қайрат” Миланда жергілікті “Интерге” қарсы матч өткізеді.
Клубтың ресми әлеуметтік желілерінде футболшылардың сапарға аттанып, ұшаққа мінген сәтінен фотосуреттер мен бейнежазбалар жарияланды.
“Интермен” өтетін бұл ойын “Қайрат” үшін топтық кезеңдегі шешуші матчтардың бірі болмақ. Егер алматылық команда жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалады. Айта кетейік, алғашқы үш турдың қорытындысы бойынша "Қайрат" бір ұпай еншілеген. Бұған дейін команда "Спортингке" (1:4) және "Реалға" (0:5) жол беріп, "Пафоспен" (0:0) тең түскен еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

