AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агееттігі.

Президент әкімшілігімен келісе отырып, ішкі істер министрінің бұйрығымен генерал-майор Қайрат Ақтанов Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы болып тағайындалды.

"Президент ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Қаңтар оқиғасы бізге жедел әрекет ету, ішкі істер және қорғаныс министрліктері арасындағы өзара іс-қимылдың анықтығы қажет екенін көрсетті. Генерал-майор Ақтановтың барлық күш-жігерін салатынына сенімдімін. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді орындау", – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Қайрат Ақтанов 1972 жылы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  Шекара әскерлерінің әскери институтын, Қарулы Күштердің ұлттық қорғаныс университетін, Ресей бас штабының әскери академиясын бітірген.

Осы жылдар ішінде "Батыс", "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарын басқарды, Ұлттық ұлан бас штабы бас қолбасшысының кеңесшісі және бірінші орынбасары болды.

Қазақстанның 12 медалімен марапатталған, ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр