"Қайрат, Әбдіжаппар үшеуміз демалуды ойлағанбыз": Тұрсынбек Қабатов әзілімен көпшілікті күлдірді
Ұшақта бортсерікті балағаттап, бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатов әзілімен елді күлдіртті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан кадр
Әзілкеш Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа үшеуі темір торға қалай тап болғанын айтып берді.
“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр", – деді актер.
Айта кетейік, маусым айының соңында әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың үстінен де қылмыстық іс қозғалған еді.
“Сотта ол бордсеріктің нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқ екенін алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. Әзілкеш 5 тәулікке қамалды” – делінген еді ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін, қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожаның полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін Қонаевта ұсталғаны туралы ақпарат пайда болғанын жазған едік.