"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттерінің бағасы белгілі болды

Фото: Қайрат ФК
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынына билеттер сатылымы 23 қыркүйек кешке басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Билеттерді Kairat SuperApp, клубтың веб-сайты және Ticketon, Freedom арқылы сатып алуға болады. 1 ЖСН-мен екі билетті сатып алу лимиті қолданылады. Құжаттарды тексеру стадионның кіреберісінде жүргізіледі.
"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билет бағасы төмендегідей:
- Батыс стенд: 30 000 теңгеден (1-9-секторлар, 1-2-жолдар) 250 000 теңгеге дейін (1-17-секторлар);
- Шығыс стенд: 150 000 теңге (30-48 секторлар);
- Солтүстік және Оңтүстік стендтері: 75 000 теңге (18-28 және 49-60 секторлар).
Ұйымдастырушылардың айтуынша, баға саясаты УЕФА-мен келісілген және "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы барлық матчы үшін бірдей.
Еске салсақ, Тұрсен Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынын айтқан еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

