Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" – "Пафос" матчына билеттер қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

Қайрат Пафостың билеттері сатылымға шықты

Фото: Іnstagram.com/f.c.kairat

Португалиялық “Спортинг” және испаниялық “Реал Мадридпен” кездесу өткізген “Қайрат” енді кипрлық “Пафоспен” ойын өткізбек. Матчқа билеттердің қашан сатылатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қайрат” – “Пафос” кездесуі 21 қазан күні Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді. Оған билеттер бүгін, 13 қазан күні сағат 12:30-дан бастап сатылады.

Матчқа билеттерді Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшаларынынан сатып алуға болады. 

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде екі алпауыт құрамамен кездескен “Қайрат” клубы әзірге ұпай жинамады. “Пафоспен” матчтан соң алматылықтарды тағы 5 ойын күтіп тұр.


Тұрсен Алагөзов “Қайрат” футбол клубына қомақты сыйлық табыс етті


"Қайраттың" жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан айығып, жаттығуға қайта қосылды


Еске салайық, 30 қыркүйек “Қайрат” Алматыда “Реал Мадридтке” қарсы матч өткізді. Ойынның қорытындысы бойынша “Реал”, “Қайратты” 5:0 есебімен жеңіп, чемпиондар лигасының кестесінде 2-орынға жайғасты.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 14:01
Талқылау