Қайық апатына ұшыраған төрт турист 36 сағаттан соң құтқарылды (видео)
Индонезия жағалауында қайық апатына ұшыраған төрт австралиялық турист құтқарылды. Олар ашық мұхитта серфинг тақтайының үстінде 36 сағатын өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sydney Morning Gerald басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Австралиялық туристер Индонезияның жеке аралында демалып жатқан. Олар кешке қарай екі қайықпен саяхатқа шығып, дауылға тап болады. Бір қайық жағаға қарай келіп үлгергенімен, екіншісі жоғалып кеткен. Онда төрт Австралия азаматы мен үш индонезиялық экипаж болған.
Жоғалғандарды индонезиялық құтқарушылар, Австралия өкілдері, олардың аман қалған достары мен арал тұрғындарының еріктілері іздеген.
Сейсенбі күні үш австралиялық пен екі экипаж мүшесін құтқарушылар жағалаудан 37 шақырым қашықтықта тапты. Анықталғандай, қайық суға батып кеткен, бірақ адамдар серфинг тақтайларына отырып аман қалған. Тағы бір шетелдікті бірнеше сағаттан кейін жергілікті балықшы құтқарып қалды.
Жалпы алғанда, туристер мен кеме экипажы ашық мұхитта 36 сағат болды. Олар аман-есен жағаға шығарылып, демалыстарын жалғастыруға ниетті.
Құтқарушылар акваторияны таратып, үшінші экипаж мүшесін іздеп жатыр.