"Қайда жүрсек те түкірік пен сілекей": Әнші Әлішер Кәрімов қазақстандықтарды мәдениетсіздік үшін айыптады
Фото: https://www.instagram.com/alisher_k
Танымал әнші Әлішер Кәрімов көшеде түкіретін қазақстандықтарды сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған видеосында 40 жасқа толса да, халықтың бір қылығына әлі де үйрене алмай жүргенін айтады.
“Қай жерде серуендеп, демалсақ та түкірік, сілекей көреміз. Бұл қашан тоқтайды? Біздің халықтың түкірмесе жүре алмайтыны қалыпты жағдайға айналған. Жаңа ғана бір әйел тротуармен келе жатып, түкіріп кетті, бәрі сол жерде сол күйі қалады, қатып қалады, қыста да басқа адамдар жүретін жерде жатады. Мұндай сорақылықты тоқтату керек деп ойлаймын. Сіздер өз туған жеріңізге түкіріп жатырсыздар”, – деді ол.
Ол мысал ретінде өзге елдерді келтірді.
“Басқа елдерде, мысалы Түркияда, көшеде ешкім түкірмейді. Ол жаққа барғанда сіз де түкірмейсіз. Ал неге осы жаққа келгенде адамдар бұл әдепсіз әдетін жалғастыра береді?” – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен не үшін араласпай кеткендерін айтқаны хабарланған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар