Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еш маңызы жоқ": Желіде аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған оқушылардың әрекеті дау тудырды (видео)

Желіде түлектердің өз аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған бейнежазбасы таралды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аттестатты қоқысқа лақтырған оқушылардың әрекетіне қатысты желіде дау туды. Көптеген желі қолданушылары аттестатта тұрған мемлекеттік рәміздге құрметсіздік көрсетілгеніне наразылық білдірді. Өйткені құжатта елдің елтаңбасы бейнеленген.

Біреулер бұл адамдарды жауапқа тартуды ұсынды. Алайда оқушыларды жақтап, олардың әрекетін білім сапасыздығымен түсіндірмек жандар да табылды.

"11 жыл бойы тегін оқығандарына рахметтері осы ма?”, “Ата-аналарының еңбегін осылай ақтаған екен”, “Не деген масқара, жазаға тарту қажет”, “Балалардың оқу сапасына көңілі қалғандары көрініп тұр ғой. Елімізде білім беру сапасын назарға алу керек. Жемқорлыққа толы жүйе балаларымызға жиіркенішті”, “Диплом алғаннан кейін мамандық бойынша жұмыс таба алмайсыз. Дипломның қайда жатқанының еш маңызы жоқ. Қоқыс жәшігінде ме, әлде үйдегі сандықта ма, бәрібір…”, – деп жарыса жазды желідегілер. 

Талқылау