Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай өңірде баспана кезегінде тұрғандар саны көп - министрлік өкілінің жауабы

Еліміздегі  20 өңірдің ішінде тұрын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтар ең көбі – Шымкентте.  Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол  мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

фото: ашық дереккөз

"Еліміздің 20 өңірінің ішінде тұрын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтар ең көбі – Шымкентте. Бұл қалада 50 506 азамат кезекте тұр. Екінші орында – Түрістан облысы. Үшінші орында тұрған Астана қаласында 46 мың адам кезекте тұр. Одан кейін Алматы қаласында 41 366, Жамбыл облысында 36 961 адам баспанаға мұқтаж ретінде кезекке алынған", - деді Бауыржан Қабдол.

Елімізде  646 819 адам тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұр. 

Дегенмен оның ішінде 232 мың адам заңнама талаптарына мүлем сай келмейді және алдын ала мәліметтер негізінде кезектен алынуы қажет.


 

Талқылау