Қай елдің азаматтығы саяхаттау үшін ең тиімді екені анықталды
Саяхаттауға ең ыңғайлы азаматтық Жаңа Зеландия елінікі екен. Осы елдің азаматтары коронавирус пандемиясы кезінде әлемнің 129 еліне кедергісіз бара алады. Бұл туралы Passport Index аналитикалық компаниясының сайтында хабарланды.
Осылайша, Жаңа Зеландия Германия, Ирландия, Австрия, Швейцария, Люксембург, Жапония, Оңтүстік Корея және Австралияны озып кетті, олардың азаматтары 128 елге арнайы құжаттарсыз және шектеусіз кіре алады.
Жаңа Зеландия төлқұжаты Австралиямен келісімге келгеннен кейін өз позициясын нығайтты, осы орайда бұл көрші мемлекеттің тұрғындарына шекарадан жеңіл өте беруге мүмкіндік бар.
Covid-19 алғашқы толқыны кезінде ел тұрғындары тек 80 мемлекетке бара алды. Passport Index компаниясының өкілі Грант Богосян (Hrant Boghossian) Жаңа Зеландияның ұстанымы Үкіметтің пандемиямен жақсы күрескендігінің дәлелі деп санайды.
Шілде айында Жапония азаматтары коронавирустық пандемия кезінде саяхаттау үшін ең қолайлы азаматтықтың иелері деп аталды. Бұл елдің азаматтары пандемияға қарамастан, әлемнің 191 еліне визасыз бара алады, өйткені жапондарға 1 шілдеден бастап Еуропалық Одаққа кіруге рұқсат етілген.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
