Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті ойыншықтар: Дәрігер жаңа жылда балаға не сыйлауға болмайтынын айтты

Ресейлік дәрігер балаларға сыйлауға болмайтын сапасыз ойыншықтарды қалай ажыратуға болатынын айтып берді. Сонымен қатар маман ата-аналарды ұсақ бөлшектері бар құрастырғыштармен абай болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ойыншық

Мәскеу денсаулық сақтау департаменті тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников ұсақ бөлшектер мен магнитті шарларды жұтып қойған жағдайлар жиі болғанын айтты. 

"Ас қорыту жүйесінде олар бірігіп, денсаулыққа қауіп төндіреді. Осы себепті кез келген ұсақ және өткір бөлшектері бар құрастырғыштарды қатерлі деуге болады. Кішкентай балалар барлығын ауызға салуға дайын, сондықтан ойыншық таңдауда абай болған жөн", – деді дәрігер. 

Тяжельниковтің сөзінше, сапасы төмен резеңке, пластмасса және жұмсақ ойыншықтардың құрамында күшала, қорғасын және сынап қосындылары болады екен.

"Сапасыз ойыншықты өткір химиялық иісінен, ашық түстерінен ажыратуға болады. Кепілдік үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраған жөн. Егер ойыншықты туыстары сыйласа, қай жерден сатып алғанын білу артық етпес", –  деп қосты ол. 

Сонымен қатар дәрігер тәжірибе жасауға арналған балалар жиынтығы болатынын айтады. Олар бала денсаулығына зиян тигізбейді, алайда дұрыс пайдаланбаса өмірге қауіп төндіретінін ескертті. 

"Ататын және ұшатын ойыншықтар баланы жарақаттауы мүмкін. Әрине, дамытуға арналған ойыншық пайдалы, дегенмен ойнау барысында баланың жанында болып, бақылаған дұрыс. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, ойыншықты сәл өскен соң беріңіз", – деп түсіндірді дәрігер. 

Егер ойыншық бала өміріне қауіп төндіреді деп күдіктенсеңіз, ойнау барысында бақылап отырған абзал. Ал туысқандарға балаға қандай ойыншық сыйлауға болатынын алдын ала айтып қойған дұрыс, 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр