Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті әрі жұқпалы Candida auris вирусы әлемге таралып жатыр

Candida auris жаңа вирусФото: pcr.news

Қауіпті Candida auris саңырауқұлағының жаңа штаммы бүгінде әлемнің 61 елінде тіркеліп, адам денсаулығына зор қауіп төндіріп отыр. Ол емге қиын беріледі әрі өте жылдам таралады. Бұл туралы Stan.kz ақпаат агенттігі Doctorpiter басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Candida auris ашытқы тектес саңырауқұлақ штаммы. Ол терідегі жеңіл инфекциялардан бастап, өмірге қауіпті ауруларға, соның ішінде қанның жұқпалы зақымдануына (сепсиске) дейін әкелуі мүмкін. Әсіресе ауруханалар мен клиникаларда тез таралатындығымен қауіпті.

Аталған саңырауқұлақ штаммы алғаш рет 2009 жылы Жапонияда анықталған. Кейін бірнеше жыл ішінде басқа елдерге, соның ішінде Үндістанға да таралып, онда аса қауіпті инфекция ретінде танылды. Қазіргі таңда Candida auris алты құрлықта тіркелген.

Мамандардың айтуынша, бұл саңырауқұлақ адамнан адамға оңай жұғады және жоғары деңгейде жұқпалы. Сонымен қатар ол көптеген зеңге қарсы препараттар мен антибиотиктерге төзімді. Қоздырғышты анықтау да қиын болғандықтан, емдеу шаралары көбіне кеш басталады.

Ғалымдар жаһандық жылыну мен жоғары ылғалдылық Candida auris-тің көбеюіне қолайлы жағдай жасап отырғанын айтады. Бұдан бөлек, саңырауқұлақтың теріге жабысып қалуына көмектесетін арнайы ақуыздары және дәрілік заттарды ағзадан шығарып жіберетін "сорғы" тетіктері бар.

Зерттеушілер саңырауқұлақтар вирустар мен бактерияларға қарағанда әлдеқайда аз зерттелгенін атап өтеді.

"Саңырауқұлақтар вирустар мен паразиттермен салыстырғанда жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Алайда бұл деректер болашақта саңырауқұлақ тектес патогендер әлемнің көптеген аймақтарына әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді", – дейді профессор Норман ван Рейн.

Осыған байланысты ғалымдар қазіргі таңда жаңа әрі тиімді зеңге қарсы дәрілерді әзірлеу аса маңызды екенін ескертеді.


 


Еске салайық, бұған дейін Қытайда қорқынышты пандемияға алып келуі мүмкін жаңа коронавирус табылды. Зерттеушілердің айтуынша, бұл вирус өлімге әкелетін MERS-CoV вирусының туысы. MERS-CoV – Таяу Шығыс респираторлық синдромын тудыратын, түйеден адамға жұғатын және жұқтырғандардың үштен бірінің өміріне қауіп төндіретін зоонозды вирус. HKU5 алғаш рет қытайлық зерттеушілер тарапынан жарқанаттардан табылған. Дәл осы зертханадан 2020 жылғы пандемияға себеп болған SARS-CoV-2 вирусы таралған болуы мүмкін.

STAN.KZ
Бейсенбі, 01 Қаңтар, 2026 10:36