Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпсіздік комитетінің басшысы: Атамбаевқа қарсы қару қолдануға рұқсат бермегенім үшін өкініп қалдым

Қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы  Орозбек Опумбаев экс-президент Алмазбек Атамбаевтың үйін басып алу себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Elgezit.kg сайтына сілтеме жасап. 

атамбаев атыс

Оның айтуынша, арнаулы күштер онымен соғысуға жіберілген жоқ. Тек бұрынғы мемлекет басшысынан жауап алу мақсатында ұйымдастырылған.

«Біз Атамбаев қарусыз жігіттерімізді снайпермен атады деп ойламадық. Мен қару қолдануға рұқсат бермегенім үшін өкінемін. Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? Заң қайда?», – деді ол.

7 тамызда Қой-Таш ауылында екінші рет шабуыл резиденциясы жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша 47 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 23-і - бейбіт тұрғындар. Арнайы жасақтың бір әскери қызметкері алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Атамбаевтың жақтастарына қарсы «Адам өлтіру», «Жаппай тәртіпсіздіктер», «Бұзақылық», «Мемлекеттік қызметшіні қорқыту немесе күш қолдану» және «Тұтқындау» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Талқылау