Қауіпсіздік кеңес отырысында алдағы төрт жылдың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасы таныстырылды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шықты. Онда негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу туралы есеп беріліп, бірқатар салалық мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.
Мемлекет басшысы геосаяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударды.
Бұдан бөлек отырыста Қазақстанның 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды. Бұл стратегия алдағы бес жылда болуы ықтимал сын-қатерлерге төтеп берудің негізгі тәсілдерін анықтайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басып, Қазақстанның тәуелсіздігін сенімді түрде қорғайды.
Ал стратегия конституциялық қағидаттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп, еліміздің тұрақты әрі қарқынды дамуына жағдай жасайды.
Мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау міндеттерін сапалы орындаудың маңызына баса мән берді. Оған қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, азаматтарды, қоршаған ортаны және ақпараттық кеңістікті қорғау деңгейін арттыру, киберқауіпсіздік шараларын күшейту және әлеуметтік-экономикалық саладағы тәуекелдерді азайту мәселелері кіреді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, білім мен технология салаларында сұранысқа ие білікті шетелдік мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасайтын бағдарламаны жеделдетіп әзірлеуді тапсырды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты