Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты қуану қауіпті болуы мүмкін

Кеудедегі ауырсыну, тыныс алудың қиындауымен қатар жүретін қатты толғаныс қорыққанда не қатты қайғырғанда ғана орын алады деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Швейцария ғалымдары оны қуанышты сәттерде де бастан кешіру мүмкін екенін айтады.

160303132117_wedding_624x351_pa_nocredit

Адамдарда такоцубо, жүрек бұлшықетінің белгісіз дерті белгілері ұшырасатын төрт жағдайдың үшеуі күйзеліспен байланысты. Жүрек бұлшықеті белгісіз дертінің бұл түрінде жүрек қарыншасының сол жағының төбесі шар тәріздес болып кеңейеді.

Қатты толғанып, күйзелгенде жүрек бұлшықеті жиырылғыштығының күрт төмендеуі үдейтіндіктен, такоцубо синдромын «жаралы жүрек синдромы» деп те атайды.

Цюрих университеттік клиникасының ғалымдары жүргізген зерттеуде жүрек қызметінің өзгеруімен байланысты әр жиырмасыншы жағдайдың үлкен қуанышпен байланыстылығы анықталған.

Әдетте бұл көңіл-күй ұзаққа созылмайды, бастан кешірген адам да соңынан өзін жақсы сезінеді.

1750 емделушіге зерттеу жүргізген ғалымдар төмендегі себептерден кейін жүрек қызметіне байланысты қиындықтардың туындағанын байқаған:

  • туған күнін тойлау
  • ұлының үйленуі
  • 50 жылдан соң досымен кездесу
  • немересінің дүниеге келуі
  • сүйікті командасының жеңіске жетуі
  • ойынханада жеңіске жету
  • дәрігердің компьютерлік томомграфияның ешқандай ауру белгілерін анықтамағанын хабарлауы

Зерттеу нәтижелері бойынша, «қуаныштан күйзеліске ұшырауға» етеккір үзілісі басталған әйел адамдар бейім келеді екен.

«Біз такоцуба синдромының пайда болу себептерінің әр алуан екенін анықтадық. Біраз уақыт бұрын ғана оны тек уайым-қайғы, күйзеліспен байланыстырып жүрген едік. Мұндай диагноз қойылған емделушілердің дертке қайтты қайғыру салдарынан ғана емес, шектен тыс қуанғаннан да ұшырап жатады»,- дейді зерттеу тобының мүшесі Елена Гадри.

Гадридің сөзі бойынша, бұдан былай дәрігерлер аталған зерттеу нәтижесін назарға алуы керек.

«Түрлі мерекелерден кейін кеудедегі ауырсыну, тыныс алудың қиындауы сынды инфаркт белгілерімен жедел жәрдем емдеу бөліміне жеткізген науқастардың такоцубо синдромынан азап шегуі мүмкін. Бұл белгілер қайғылы жағдайларда ғана орын алмайды»,- дейді ғалым.

Алайда британиялық ұйымның профессоры, жүрек-қан тамыр ауруларын зерттеуші Питер Вайсберг такоцубо синдромының әлі де талай зерттеуді қажет ететін сирек құбылыс екенін айтады.

«Қатты қуану, шаттанудың сезімтал адамдардың жүрек қызметі бұзылуына ықпалын аңғару үшін көп зерттеу жұмысы мен мәлімет қажет»”,- деп сендіреді Вайсберг.

Талқылау