Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты жел тұрып, бұрқасын болады: Қазақстанның сегіз аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның сегіз өңірінде қатты жел мен бұрқасын салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы күндері жаңбыр жауып, жел соғады

25 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында жаяу бұрқасын болжануда. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында 25 градус өте қатты аяз сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. 25 ақпан түнде облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз күтіледі.

Шымкентте кей уақытта жаяу бұрқасын, батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. 

25 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Қызылорда қаласында түнде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел екпіні 15-20 м/с соғады.

Павлодар облысында кей жерлерінде бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей уақытта екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

25 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Талқылау