Қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді: Синоптиктер қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: istockphoto
Қазгидромет 2025 жылғы қыркүйекке арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, қыркүйектің алғашқы күндері Салехард аудандарынан енген суық ауа массаларының әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) түсуі мүмкін.
Бірінші онкүндікте Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болжанады: жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде алғашқы үсік жүруі ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда.
Айдың басында еліміздің батысында ауа температурасының түнде +15+20°С, оңтүстікте +23°-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +32+37°С-тан +18+25°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде +12+18°С, күндіз +25+30°С, оңтүстікте +35°С-қа дейін жоғарылауы болжанады;
республиканың оңтүстік-батысында ауа температурасының күндіз +32+40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы болжанады, онкүндіктің ортасына қарай +25+30°С-қа дейін ыстықтың әлсіреуі күтіледі, онкүндіктің соңында ауа температурасы +33+38°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал;
солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысында), орталықта және шығыста ауа температурасының түнде +3+8°С, топырақ бетінде 2°С үсіктен +5+15°С-қа дейін, күндіз +11+18°С-тан +22+30°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады;
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасының түнде +10+18°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +26+33°С-тан +32+39°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде температуралық фонның жиі өзгерістері күтіледі.
Батыс, солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы түнде +13+19°С-тан +2+12°С-қа дейін, топырақ бетінде 3° үсікке дейін, күндіз +25+32°С-тан +18+26°С-қа дейін ауытқиды;
елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының түнде +1+6°С-тан, үшінші онкүндікте 1-6°С үсіктен +7+13°С-қа дейін, күндіз +8+13°С-тан +20+28°С-қа дейін ауытқуы күтіледі;
ҚР оңтүстік жартысында ең суық күндерде ауа температурасы түнде топырақ бетінде 3°С үсікке дейін, күндіз +11+20°С дейін төмендейді. Кейбір күндері ыстық ауа-райы басым болады, күндіз ауа температурасы +25+35°C-қа дейін қызады.

Әкімдік қаладағы ескі брусчаткалардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтты: Алайда Боқаев төсеуіштің жеке қолға сатылып жатқанын түсіріп алған (видео)
