AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды": Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

4 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күн күркірегенде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус аптап ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жезқазған қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Жел шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с.

Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында күн күркірейді.

Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Қарағанды қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні –18 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Талдықорған қаласында найзағай ойнайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр