"Қатты өзгеріп кеткен": Дана Есеева жазасын өтеп жатқан күйеуі Мейіржан Төребаевпен қаншалықты жиі жолығатынын айтты
Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Мейіржан Төребаевтың әйелі, блогер, кәсіпкер Дана Есеева күйеуінің жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Желі жұлдызы актриса, әнші Әсел Сәдуақасовамен әңгіме-дүкен құрып, сұрақтарына жауап берді.
“Күйеуім туралы жиі сұрайды. Мен не деп айтамын?! Оның оқиғасы қоғамда резонанс тудырып еді. Қаншама қиындық көрді. Үй қамағында болды. Одан кейін тергеу изоляторында жатты. Сот шешімі шыққаннан кейін толық жазасын өтеуге кетті. Жақында заң аясында қысқамерзімді демалысқа келіп еді, халық шулап кетті. Бірақ заңда жазасын өтеп жатқан адам демалысқа үйіне келе алады. Ол да солай келді. Кейбір адамдар: “Бір кіріп, бір шығып не істеп жүр?” деп сөкті. Оны көру үшін жиі Павлодарға ұшып барамын”, – деді Дана.
-
"Жалғыз ұлы қасында еді": Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың отбасындағы демалысы аяқталды
-
"Концерт пен КВН ұйымдастырады": Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың жағдайын әйелі баяндап берді
Сондай-ақ блогер келіншек жолдасының қалай өзгергенін де айтып берді.
“Темір тордың ар жағында отырғандар не жақсы болып келеді немесе жаман болып келеді” деген түсінік бар. Сотталған адамның бәрібір де бұрынғыша болмайтыны анық. Ол қатты өзгеріп кеткен. Табиғатынан мықты, жігерлі адам еді. Сол болмысы беки түскен. Көп ойланады. Қасында адамдарының басынан кешкен оқиғаларын естіп, анализ жасайды. Кітап оқығандай етіп айтып отырады”, – деді кәсіпкер келіншек.
Еске салайық, Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы бес жыл бас бостандығынан айырылды. Ал қалған айыпталушылар 8 жылдан 14 жыл арқалаған еді.