"Қатты қорықтым": Айжұлдыз Адайбекова сауда орталығында балалармен қыдыратын ата-аналарға ескерту жасады
Белгілі блогер Айжұлдыз Адайбекова ұлы Назарды ірі сауда орталығында қалай жоғалтып алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Желі жұлдызы қоғамдық орындарда түрлі өтініш-ұсыныспен мазалайтындарға ескерту жасады.
"Құрметті адамдар, сіздерге үлкен өтініш айтқым келеді. Мен баламен жүргенде назарымды басқа нәрсеге бұрмауға тырысыңыздаршы. Бүгін сауда орталығында жарнама жасап жүргендерге көңіл бөлемін деп, стреске тап болдым. Егер мен "жоқ" деп айтсам, "жоқ" деген сөз, соны түсініңіздерші. Баламды таппай қалғанда қатты қорықтым. Мүмкін оны біреу ұрлап кеткен шығар, әлде бір жерде құлап қалды ма деп уайымдадым", – деді актриса.
-
"Бақыттысың ба?" деп сұраймын": Айжұлдыз Адайбекова баласын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты
-
"Қазақстандық өрмекші адам": Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі ерекше образымен елді таңғалдырды
Одан кейін өнер иесі оқырмандары мен жанкүйерлерінен мұндай жағдайда түсіністік танытуды сұрады.
“Бұл ешқандай да агрессия емес. Мен де адаммын. Мұндай жерлерге келгенде жай ғана демалғым келеді. Менің бұлай стреске түскім келмейді. Сол үшін алдын ала бәріңізге рақмет!", – деді желі жұлдызы.
Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты жаңалықты бөлісіп, ұзату тойына блогерлер мен әншілерді шақырмайтынын айтқан еді.