Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты ыстық болады: Қазақстан бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша алдағы 13-15 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысында өте қатты ыстық болады деп болжанған. 

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжанады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ жауады деп болжанған. Ең қарқынды жаңбыр 13-15 маусымда шығыста және орталықта, 14 маусымда еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында болады деп болжанды.


"40 ℃-қа дейін бармайды": Қазгидромет өкілі жазда ауа райы қандай болатынын айтты


Күндізгі температура еліміздің батысында +33+40°С, солтүстігі мен орталығында +20+28°С-тан +25+30°С-қа дейін, оңтүстігінде +27+35°С-тан +30+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +22+30°С-тан +25+35°С-қа дейін, ал шығыста +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін болады деп болжанды.

Еске салсақ, бұған дейін маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік. 

Талқылау