Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты дауыл соғады: Нұр-Сұлтан мен 4 облыста дауылды ескерту жарияланды

24 маусым күні күшті жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Сол себепті Нұр-Сұлтан мен төрт аймақта дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қатты дауыл соғады: Нұр-Сұлтан мен 4 облыста дауылды ескерту жарияланды

Түнде Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде найзағай соғады, солтүстік және солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Аймақтың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысқан жерлерде жел 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Түнде және таңертең Қызылорда облысында секундына 15-20 метрге дейін солтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз Маңғыстау облысында қарқынды жылу 39 градусқа дейін сақталады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Маусым, 2020 21:17
Талқылау