Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан аруы-2022" байқауының финалисті: Қаржыландырудан бас тартты

Бойжеткен "Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастыру комитеті оның 2023 жылы қаңтарда болатын "Әлем аруы" байқауына қатысуын қаржыландырудан бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/diana.tashii

"Әлем аруы Қазақстан" атағына ие болғанымда мені не күтіп тұрғанын білмедім. Тәж таққан сәтте: "Расымен, қажырлы еңбегімнің арқасында Қазақстанды лайықты деңгейде әлемге танытуға мүмкіндік алдым ба?" деген ой келді. Бірақ өкінішке орай, олай болмай шықты. Бұған себеп – "Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастырушылары мен басшылығы. Олар мені байқауға дайындаудан және қаржыландырудан бас тартты. (Мен виза мен билеттерді өз ақшама сатып алып, бірнеше көйлектер тіктірдім). Байқау ұйымдастырушыларының тарапынан ешқандай қолдау болмағанын айтқым келеді. Керісінше, мені жәбірледі", - деп жазды Диана өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Алматылық бойжеткеннің айтуынша, ол халықаралық байқауға дайындықтан ләззат алуы керек еді. Бірақ, керісінше, дайындық барысында көзі жастан құрғамаған.

“Себебі, таңнан кешке дейін мен өзімді моральдік және физикалық тұрғыдан дайындадым. Абырой болғанда, анам мен отбасым мені қолдап, алға ұмтылуға күш пен демеу берді. Иә, қысқа уақытта бәріне үлгеру мүмкін емес. Бірақ, мен өз тарапымнан әрекет жасап, кез келген қиындықты жеңуге барымды салдым.  Байқау ұйымдастырушылары өз кезегінде мен үшін жауапкершілік алмады. Мені халықаралық байқаудың қатысушысы жарияға жар салған олар дайындыққа үлгермегендеріне байланысты мені "Әлем аруы" байқауына дайындаудан бас тартқандарын ресми түрде мәлімдеді", - деді Диана Тәшімбетова.

Диана өзінің келер жылғы “Әлем аруы” байқауына қатысатынына күмәні бар.

“Мен байқау басшылығынан "2023 жылы "Әлем аруына" қатысатынымды растайтын құжатты бере аласыз ба?" деп сұрағанымда, олар "жоқ" деп жауап берді. Оған қоса "Сен байқауға қатысуға лайықты емессің, сенімен жұмыс істегіміз келмейді" деген ауыр сөздерді айтты. "Мис Қазақстан" байқауының ұйымдастырушылары өз деңгейін көрсетті. Әркім айтқан сөздеріне жауап беруі керек. 2023 жылға қарай байқау ережелері өзгереді деп үміттенемін. Байқау басшылығынан "Әлем аруына" қатысатыным туралы ресми жауабы мен  ұйымдастырушылардың қарыжыландыруын күтемін", - деп жазды бойжеткен.

Байқау басшылығы аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қазақстан аруы" ұлттық байқауының ұйымдастыру комитеті "Әлем аруы" байқауының 2023 жылы 14 қаңтарда Жаңа Орлеанда өтетіні туралы жаңалықтармен бөліскен болатын. "Қазақстан аруы – 2022" ұлттық сұлулық байқауының жеңімпазы 2022 жылдың 18 қарашасында белгілі болғандықтан, халықаралық байқауға алдын ала дайындалуға мүмкіндік болмады. Елімізді халықаралық аренада жоғары деңгейде таныстыру үшін әлемдік сұлулық байқауына кем дегенде алты ай бұрын дайындалу керек, - деп жауап берді байқау басшылығы.

Сондай-ақ, олар әлемдік байқау ұйымдастырушыларның қатысушыларға қойылатын талаптарға тоқталды.

“Әлемдік сайыста ұйымдастырушылар қатысушыларға нақты талаптар қояды: бейне-визитка түсіру, бірнеше көйлек алу және белгіленген қалаға байқау өтетін күннен екі апта бұрын бару.  Тиісінше, Диана Тәшімбетова 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешікпей АҚШ-та болуы керек еді. "Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастырушылары Диананы бір ай мерзімде тиісті деңгейде дайындай алмайды. Комитет басшылығы Дианаға көмектесуден және "Әлем аруы" байқауына жолдама беруден бас тартқан жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша, Диана Тәшімбетова отбасымен АҚШ-қа көшіп кетті. Алайда, оған басқа елде тұратын адамның Қазақстанды халықаралық аренада таныстыра алмайтыны жөнінде жауап келген.

 

 

STAN.KZ
Жұма, 30 Желтоқсан, 2022 10:15
Талқылау