Қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікті Германиядан Қазақстанға жіберілді
Халықаралық іздеуде болып, айуандықпен кісі өлтірді деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жасап хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыс Оралда 2017 жылы жасалған. Күдікті тұрақта туындаған жанжал кезінде жәбірленушіге жеті пышақ жарақатын салған. Ал жәбірленуші оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмған.
Кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратурада атап өтілгендей, қылмыскер деп болжанған адамды экстрадициялау туралы шешімді Германия үкіметі қазақстандық қадағалау органының өтініші бойынша өзара принципке сәйкес қабылдаған.
"Азамат Г.- адам өліміне әкеп соқтырған заңсыз әрекетті жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан қашып, халықаралық іздеуге жарияланды. Бүгін ҚР Бас прокуратурасының, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері министрліктің көмегімен Сыртқы істер министрлігі күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Күдікті Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.