AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғындары итті тірідей өртеп, әрекеттерін видеоға түсірген

Павлодар полициясы белгісіз ер адамдардың ағашқа байланған итті тірідей өртеген бейнежазбасын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жануарды аяусыз өлтірген көрініс түсірілген видео Қазнет қолданушыларын дүр сілкіндірді. Бір минуттық жазбадан өртке оранған жануардың азаптан қалай қиналғанын көруге болады. Итті қашып кетпесі үшін ағашқа байлап, өртеген. Видео кадрларынан отқа бірнеше рет сұйықтық құйған адамның көлеңкесі көрінеді. Кадр сыртынан екі ер адамның дауысы естіледі. "Міне, біздің азапты өлім осындай", – дейді олардың бірі.

Аяусыз азаматтар ит өзінің қыңсылауын тоқтатып, оның өлгенін көргенше жазбаға түсіруін доғармаған.

Интернетке тарап кеткен қорқынышты кадрларда мынадай сөздер жазылады: "Біз сіздерге бұл бейнені көрмеуге кеңес береміз. Біз оны барынша қысқарттық. Видеода итті тірідей өртейді, ол қашып та кете алмайды, өзіне жасап жатқан аяусыздықты тоқтата да алмайды. Себебі оны тұзақ секілді затпен ұстап тұр". 

Бұл видео еліміздің қай аймағында түсірілгені белгісіз, бірақ павлодарлық полиция тексеру жүргізіп жатыр.

"Бұл видео павлодарлық ақпарат беттерінде жарияланғандықтан, аталмыш факт Павлодар полиция бөлімінде тіркелді. Тексеру жүріп жатыр. Кімде осы жағдай туралы ақпарат немесе оқиға болған жер туралы мәлімет болса полицияға хабарласуын сұраймыз", – деп түсініктеме берді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Алайда видео астындағы пікір жазбаларында еріктілер ҚР ІІМ-нен кінәлілерді тауып, жазалауды сұрайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр