Қатерлі ісікпен ауырған 90 жастағы кейуана емделудің орнына әлемді аралуды жөн көрген (фото)
Американың Мичиган штатының тұрғыны онкологиялық аурудан емделуден бас тартып, оның орнына әлем елдерін аралауға бел байлапты.
90 жастағы әжейдің саяхатын көру үшін 63 мыңнан астам адам жазылыпты.
Норма есімді әжей өзінің дерті жайлы күйеуінің қатерлі ісіктен қайтыс болғанынан кейін білген.
Ол ауруханада жатып демалмай, ұлы Тиммен және оның әйелі Рэмимен АҚШ-қа, сосын өзге елдерге саяхат жасайды. Олар Қытай мен Европа елдерін аралаған.
Олар бір жарым жыл ішінде Нью-Мехикодағы мұражайында, «Гранд-каньон» ұлттық бағында, Кеннеди ғарыш орталығында, World Disney ойын-сауық бағында қыдырған. Норма флориданың жағажайында болып, 5 жұлдызды қонақүйде түнеген. Ауа шарымен ұшып, Жаңа Орлеанадағы Бурбон-стрит ғимараттарын аралаған.
«Норманың қазір еш жері ауырмайды. Оның ақыл-есі де түзі. Ол саяхат жасағанды жақсы көреді», – дейді әжейдің немересі.
Оның айтуынша, әжесінің дертінің белгілері саяхат барысында жойыла бастаған. Дәрігерлер әжейге саяхат жасауға рұқсат берген. Олар қартаң әйел түбегейлі жүргізілген емді көтере алмауы мүмкін деп те ойлаған.