Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікпен ауыратын алматылық бүлдіршіннің ата-анасы көмек сұрайды

Алматыда бір жасар қыздың өмірі үшін күрес жүріп жатыр. Диана Орлова лимфобластикалық лейкемиямен ауырады. Қазір ол жансақтау бөлімінде, ал дәрігерлер кішкентай науқастың денсаулығын жақсартуға тырысып келеді. Бірақ әзірге олардың қолдарынан ешнәрсе келер емес. Есесіне Түркия дәрігерлері бүлдіршінге көмектесуге дайын. Тек емделуге көп ақша керек. Ал Диананың ата-анасында ол сома жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қорқынышты диагноз туралы отбасы бір жыл бұрын білген. Ол кезде Диананың лимфа түйіндері қабынған. Ата-анасы оны емханаға тексеруге алып барған. Дәрігерлер "лимфобластикалық лейкемия немесе қан қатерлі ісігі" диагнозын қойған. 

Бала бірнеше химиотерапия курсынан өтті. Ауыр дәрі-дәрмектер қызда қатты аллергия тудырып, температурасы үнемі көтеріліп, ішкі органдарда күйік пайда болды. 

Ата-анасы қызының сауығып кететініне сенеді. Бірақ баланың жағдайы күн сайын нашарлап барады. Диананың отбасы Түркияға емделуге тезірек бару үшін көмек сұрайды. 

"Өз күшімізбен 7 мың доллар жинадық. 18 500 доллар жинауымыз керек. Мен Қазақстанның барлық азаматтарына жүгінемін: "Кішкентай қызға көмектесіңіздерші. Бәрінен көмек күтемін. Бізді қолдаңыздар. Біз кішкентай қызды құтқаруымыз керек", - дейді Диананың анасы.

Байланыс телефоны: 8-708-156-23-16

Kaspi Gold: 5169493181100184

Халық банкі: 4405639724940703

Сбербанк Қазақстан: 4263433333960653

Сбербанк Ресей: 4263433336692329 

Киви әмиян: 87081562316

KoronaPay: 87081562316

STAN.KZ
Бейсенбі, 01 Сәуір, 2021 13:59
Талқылау