Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатерлі ісікпен ауырамын": Әйел үйлену тойы мен бал айын өткізуге ақша жинау үшін алаяқтық жасаған

Ұлыбританиядағы Ливерпуль қаласының тұрғыны үйлену тойына ақша жинау үшін өлім аузында жатқан адамның кейіпін танытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

29 жастағы Тони Стенден  қатерлі ісік ауруына шалдыққанын хабарлаған. Қыздың сөзіне қарағанда, дәрігерлер оған 2 ай өмірі қалғанын айтқан. 

Әйелді қолдау үшін достары оған GoFundMe краудфандинг қызметінен 8,5 мың фунт стерлинг жинады.

Ал Стенден ақшаны үйлену тойын жасауға және Түркияда бал айын өткізуге жұмсаған. Кейін достары оның өтірігін әшкереледі. Сот отырысында әйел алаяқтық жасағанын мойындады. Үкім әлі шыққан жоқ, бірақ ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау