Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі дертпен күресіп келген ресейлік онколог дәрігер көз жұмды

2018 жылдан бері асқазан обырымен күресіп жүрген онколог Андрей Павленко қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қатерлі дертпен күресіп келген ресейлік онколог дәрігер көз жұмды

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Андрей Павленконың әйелі Анна хабарлады.

Дәрігер 5 қаңтарда таңертең қайтыс болды. Оның соңғы жарияланған видеосы ғаламторда таратылады.

«Егер сіз бұл бейнені көріп отырсаңыз, онда мен бұл өмірден өткенімді түсіне беріңіз», - дейді Павленко видеода.

Ол өзін қолдаған барлық жанға алғысын айтты. 

Павленко Санкт-Петербургтегі Пирогов жоғары медициналық технологиялар клиникасының онкология бөлімін басқарды және соңғы екі жылда «Адам өмірі» блогын жүргізді. Онда ол ауруға қарсы күрес, Ресейдегі онкологиялық көмек жүйесі және онкологиялық науқас кездестіретін қиындықтар туралы айтты.

Бұған дейін онколог-хирург Андрей Павленконың әлеуметтік желіде асқазан қатерлі ісігімен ұзақ уақыт күрескеннен кейін қоштасу хатын жазғаны есімізде. Онда ол қатерлі ісік ауруынан бас тартпауға және емделудің мүмкіндігіне сенуге шақырды.

STAN.KZ
Жексенбі, 05 Қаңтар, 2020 18:16
Талқылау