Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Катарлықтар Қазақстандағы банкті сатып алған: Келісімшарт бағасы белгілі болды

Катарлықтар Bereke Bank-ті сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Яндекс

Lesha Bank жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Бәйтерек" АҚ-мен Қазақстандағы Bereke банкінің барлық жарғылық капиталын сатып алу үшін сатып алу-сату шартын жасады.

Мәміле сомасы 65 миллиард теңге болды, бұл 532,4 миллион катар риалына тең.

Мәмілені аяқтау үшін тараптар бірқатар шарттарды орындауы қажет. Негізгі алғышарттардың бірі "Бәйтеректен" рұқсат алу еді. Бұл шарт толығымен орындалды.

Lesha Bank (ребрендке дейінгі Qatar First Bank) – Катар Қаржы орталығының Қаржы қызметтері басқармасында тіркелген, Шариғат талаптарына сай тәуелсіз инвестициялық банк.


255 миллион теңгені пакетпен алып шыққан: Банк ЦентрКредиттің басшысы мен кассиріне үкім шықты


Lesha Bank 2008 жылы құрылған және жоғары таза табысы бар жеке тұлғалар мен корпорацияларға жылжымайтын мүлік пен жеке капиталға, жеке банктік және институционалдық банктік қызметке, қазынашылық банкинг пен инвестицияларға бағытталған балама инвестицияларды қоса алғанда, Шариғатқа сәйкес қаржылық өнімдер мен шешімдерді ұсынады .

Банктің жарғылық капиталы 2,5 миллиард катар риалы, яғни 307,3 миллиард теңге болды. Банктің жалпы активтері – шамамен 774,5 миллиард теңге.

"Бәйтерек" холдингі Сбербанкті 2022 жылдың қыркүйегінде ресейлік банктің еншілес ұйымы Батыс санкцияларына ұшырағаннан кейін сатып алған. Содан кейін банк Bereke Bank деген атауға ие болды.

Еске салсақ, Катарлық Lesha Bank "Бәйтерек" ұлттық холдингімен қазақстандық банкті ықтимал сатып алу туралы келісімге отырғаны туралы жазған едік.

Талқылау