Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатарластарының денесіне мәжбүрлеп татуировка салдырған: Қазақстандық оқушы арнайы мектепте өзге балаларды мазақ еткен

Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы мектептің тәрбиеленушісі қатарластарына әлімжеттік жасап, мазақ еткен. Ол үше баланың денесіне өзінің Instagram парақшасының атауын татуировка етіп салдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде ерекше режимде ұстайтын бес білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олар Алматы, Абай облысы, ШҚО, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында бар. Онда жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 11-18 жас аралығындағы 300 "қиын мінез-құлықтағы" жасөспірімдер келеді.

Дегенмен Бас прокуратура бұл ұйымдардың құқық бұзушылықтың алдын алу әсері асыра бағаланғанын жеткізді. Себебі мұнда оқушылардың жиі қашуы, суицид әрекеттері, әлімжеттік әрекеттері мекеме қабырғасында да болып жатыр.

"Мәселен, ШҚО Серебрянск қаласының арнайы мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы К. ұзақ уақыт бойы басқа оқушыларға психологиялық қысым көрсетіп, қашуына түрткі болған. Сондай-ақ ол үш оқушыға Instagram парақшасының мекен-жайы жазылған татуировка салдырған", - деді прокурорлар.



Сонымен қатар, жыл басынан бері Шымкентте, Ұлытау облысында және Ақмола облысында асырап алынған балаларды ұрып-соғу және азаптау фактілері тіркелген.

"Ақмола облысында сәуір айында патронат тәрбиешінің 5 баланы ұрып-соғу фактісі анықталды. Тергеу барысында үш жылдан астам уақыт бұрын балалардың біреуінің өлімі анықталды. Ұлытау облысында балаларды фермада жұмыс істеуге мәжбүрлеген асырап алушы ана 4 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Талқылау