Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кастрация және өмір бойына бас бостандығынан айыру: Ақтауда қызын зорлаған бұрынғы әскери қызметкер жазаланды

Әскери сот қызын зорлағаны үшін кінәлі деп танылған бұрынғы әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарады. Үкім өзгеріссіз қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 


Сотталушы өмірің соңына дейін темір торға тоғытылады. Мұны жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділдина мәлімдеді.

Ақтаулық бұрынғы теңіз жаяу әскері ҚК-нің үш бабы бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ химиялық кастрацияға үкім шығарылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам әйелімен ажырасқан. Алайда қызымен кездесіп тұрған. Сол кезде қызын үнемі жалдамалы пәтерге апарып, оны бірнеше рет зорлаған.

Қыз анасына айтуға қорқып жүрген. Шындық ашылған кезде әйел дереу полицияға арыз берді.

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденді.

Талқылау