"Қастықпен өлтірді": Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтің ұлының өлім себебін айтты
Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Өнер иесі марқұмға арнап, жазба жариялады.
“Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын! Өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу, айналайын, Алла сабыр берсін! Кеше ұшып кетіп едім. Туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын!”, – деп жазды халық әртісі.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы марқұм сазгердің ұлымен не жөнінде сөйлескенін жазған едік.
“Осыдан 10-12 күн бұрын маған Абылай хабарласқан еді. Ол баланы көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған. Туған әпкесіне хабарласқандай, көмек сұрады. Түсінгенім бойынша, бір бағдарламада марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланады екен. Оған бірнеше шоу-бизнестегі адамдар қатысып, марқұм туралы жағымсыз ақпарат айтыпты. Ол кезде бағдарламаның эфирге кететініне екі сағат қалған. “Абылай, сен кеше хабарласқаныңда көмектесер едім. Бірақ екі сағат қалғанда қолымыздан ештеңе келмейді” дедім. Ол баланың жанайқайы әкесінің атына жағымсыз пікір айтылғаны еді”, – деген еді продюсер.