Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қастық па әлде білімсіздік пе? Депутаттар қосымша құн салығының көбеюіне қатысты үкіметті сынға алды

"Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары қосылған құн салығын көбейтуге қатысты жоспарынан кейін үкіметті сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

салық сток

Азат Перуашев үкіметтің бұл шешімін "Қастық па әлде біліксіздік пе" деп атады. Сонымен қатар фракция басшысы партияның салықты көбейтуге қарсы екенін жеткізіп, бизнесті қорғауға шақырды. 

"Оларға жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер: сие пайызын 22-23%-дан 10-12%-ға дейін төмендетіңдер; тарифтердің біреудің қалтасына емес, энергетиканы жаңғыртуға жұмсалуын қамтамасыз етіңдер; президент тапсырғандай әлеуметтік тауарларға арналған салықты төмендетіңдер. Ал сендер керісінше қосылған құн салығын 12%-дан 16%-ға дейін көбейтпексіңдер. Бұл не, қастық па әлде білімсіздік пе?" – деді Перуашев. 


"Халыққа жүк түседі": Экономист Мақсат Халық қосылған құн салығын көтерудің экономикаға әсері қандай екенін айтты


Сонымен қатар фракция жетекшісі "Ақ жол" партиясының мұндай салықтарға қарсы екенін жеткізіп, өзге фракцияларды бизнесті қорғауға шақырды. 

Еске салайық, бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин қосылған құн салығы 16%-ға дейін көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, салық көбейсе, бюджетке түсетін қосымша қаржы 2-2,4 триллион теңгеге артады. 

Талқылау