Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қастандық деп ойлаймыз": Тұтқындалған фермерлер одағының басшысының әріптестері оның зорлық жасағанына сенбейді

«Қазақстан фермерлер одағының» төрағасы Әуезхан Дарынов 11 ақпанда тұтқындалған. Ол зорлық жасады деп күдіктеліп отыр. Алайда әріптестері оның мұндай әрекетке барғанына сенбейді. Сондықтан қастандық жасалған болуы мүмкін деп топшылап отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Әуезхан Дарынов

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, Әуезхан Дарынов бірлестіктің кеңсесінде өтіп жатқан жиналыс кезінде тұтқындалды. Ол зорлық жасады деп күдіктеліп отыр. Оған ресми түрде айып тағылды.

Әуезхан Дарыновтың әріптестері оның ойын ашық айтатын, тік мінезді адам екенін айтып отыр. Ұсталуына сол тік мінезі себеп болды ма деп топшылайтындарын жасырмайды.

Әріптестерінің айтуынша, Дарынов ойын ашық айтатын тік мінезді адам. Сол бір беткейлігі өзіне таяқ болып тиді ме деп топшылайды. 

«Бұл қастандық деп ойлаймыз. Бұлай болуы мүмкін емес. Ол кісіні бірнеше жылдан білеміз. Отбасы  бала-шағасы, немере жиендері бар адам.  Біреуге ұнамай қалуы да мүмкін...», - дейді шаруа қожалығының директоры Руслан Ибатов.

Фермерлер одағының басшысы тұтқындалғаннан кейін, оның отбасы есеңгіреп отыр екен. 
Ал мемлекетіміздің әр бұрышынан жиналған фермерлер басшылары Дарыновқа қолдау білдіруге дайын екендерін айтады.

«Съезде шешім қабылдап жатырмыз. Қандай жағдай болсын, адвокатқа ма, қаражат керек болса, бәрін жасаймыз», - дейді Қазақстан фермерлер одағы Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Қанат Сүлейменов. 

Әуезхан Дарыноватың «Қазақстан фермерлер одағын» басқарғанына 10 жылдай уақыт болған. Ол шаруалардың мәселелерін көтеріп, егіс науқаны уақытында жанармай бағасының қымбаттайтынын айтып, шенеуніктерге ашық сын айтып жүрген еді.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанның фермерлер одағының басшысы зорлық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр