Каспийде балшық жанартауы атқылап, өрт шықты
Каспийде Алят кенті мен Нефтчала қаласы арасындағы жағалаудан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан Дашлы аралында балшық жанартауының атылуы өртке себеп болды, деп хабарлайды "Спутник - Әзірбайжан" басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) мұнай-газ өндіретін теңіз объектілерінде, өндірістік және көлік инфрақұрылымының басқа да нысандарда апаттық жағдайлар жоқ екенін мәлімдеді.
5 шілдеде ТЖМ әуе жасағының барлау ұшулары алдын ала бақылау бойынша Дашлы аралында балшық жанартауының атқылау фактісін анықтады.
"Қазіргі уақытта жанартау кратерінде аз жалын байқалады. Жанартау теңіз мұнай-газ инфрақұрылымы мен басқа да нысандарға, сондай-ақ адамдардың өміріне қауіп төндірмейді", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Әзірбайжанның SOCAR мұнай компаниясы 2021 жылы 4 шілдеде кешке болған өрттен өнеркәсіптік нысандар зардап шеккен жоқ деп мәлімдеді. Компанияның барлық платформалары мен өнеркәсіптік нысандары штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. Алайда SOCAR қызметкерлері өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына жіберілді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жексенбі күні кешке әлеуметтік желілерде Каспий теңізінде, Алят бағытындағы мұнай платформаларының бірінде болған үлкен жарылыс туралы ақпарат тарады. Каспийдің Әзірбайжан секторындағы өрт толығымен сөндірілген. Жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
