Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлексесі табылды
Каспий жағалауынан табылған сүтқоректілерді теңіз толқыны Ақшұқыр ауылының маңына шығарып тастаған. Мамандар бұл жағдайға жаһандық климаттың өзгеруі әсер етуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Иатбалықтардың нақты неден өлгені әлі белгісіз. Экологтар ауа мен теңіз суынан сынамалар алып, зиянды нәрсе таппады. Алайда мамандар жаһандық климаттың өзгеруі Каспийдегі биортаға да өз әсерін тигізуі мүмкін деп болжайды. Осындай жағдай биыл Түпқараған ацуданында да болды. Онда 200-ге жуық өлі итбалық анықталған болатын.
Қазір жергілікті әкімдік итбалықтардың өлексесін жою жұмыстарымен айналысуда.
“Ғалымдар соғ,ы 4-5 жылдағы табиғат жағдайының өзгеруіне байланысты деп болжауда. Қыс мезгілінің жылы өтуі де әсер етуі мүмкін. Каспий теңізі үлкен ғой. Меніңше, мұндай жағдайлар тек Қазақстан аумағында болып жатыр деп ойлаймын”, – деді аймақтық балық шаруашылығын бақылау инспекциясының басшысы Жақсығали Іздібаев.
Еске салсақ, бұған дейін де Маңғыстау облысы Форт-Шевченко теңіз портының маңынан 60-тан аса итбалық пен бірнеше бекіре тұқымдас балықтар өлі табылған болатын.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
