Каспий теңізінің жағасынан өлі итбалықтардың денесі табылды
Маңғыстау облысының тұрғындары жаппай итбалықтардың қырылуын көріп, шошынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Lada.kz сайтынан
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді.
Инспекция қызметкерлері жедел түрде 1, 7 және 15-ші ықшамаудандардағы Каспий теңізінің жағалауына жетіп, 3 итбалықтың денесін анықтаған. Сарапшылар жануарлардың шамамен былтыр күзде қырылғанын аңғарыпты. Оған себеп итбалықтардың өлекселері бұзылып кеткен.
Мамандар теңізден мұнай қалдықтары және т.б. ластаушы заттарды таппаған. Қазіргі таңда аталған жайт тексерілуде екен.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді